Жаналықтар
02.09.2010толығырақ »
2010 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы қаржы полициясының генерал-майоры Қ.Қожамжаров Қаржы полициясы академиясының жеке құрамына Академия бастығын таныстырды.
14.08.2010толығырақ »
Спорт күні - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭСЖҚД (қаржы полициясы)2010 жылғы 14 тамызда Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионында облыс әкімі С. Біләловтың қатысуымен басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметшілері арасында Спорт күніне арналған жарыс өтті. Бұл шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясының) командасы белсене қатысты.
04.08.2010толығырақ »
Қарағанды облысы
бойынша ЭСЖҚД ағымдағы жылғы маусымда
екі азаматтың қылмыстық
әрекеттерінің жолы кесіліп, олар жалпы сомасы 1,5 млн. теңге, 5 мың теңгелік ұлттық валютаның жасанды
банкноттарын сату кезінде ұсталдыҚарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) тұрақты түрде жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау және сату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіліп тұрады.
Мәселен, Департамент қызметкерлері ағымдағы жылғы маусымда жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында екі азаматтың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесіліп, олар жалпы сомасы 1,5 млн. (бір миллион бес жүз) теңге, 5 мың (бес мың) теңгелік ұлттық валютаның жасанды банкноттарын сату кезінде ұсталды.
04.08.2010толығырақ »
Қарағанды облысы бойынша ЭСЖҚД магистралдық мұнай құбырын
рұқсатсыз тесу арқылы мұнай өнімдерін ұрлау фактісін анықтадыҚарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) магистралдық мұнай құбырын рұқсатсыз тесу арқылы мұнай өнімдерін ұрлау фактісін анықтады.
Мәселен, 2010 жылғы маусымда Жезқазған аймағы бойынша Ауданаралық қаржы полициясы басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында, мұнай өнімдері тиелген цистерналары бар 3 жүк автомашинасын және еріп келе жатқан Қызылорда облысы тұрғындарының жүргізуіндегі машинаны ұстады.
04.08.2010толығырақ »
«Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында Агенттік
Төрағасының орынбасары С.Б.Әшімбаев, Қызылорда облысы бойынша ЭСЖКД
бастығының м.у.а П.Мұстафаев және «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық
филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбековпен бірге азаматтарды
жеке қабылдау жүргізілді
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі - Агенттік) мен «Нұр
Отан» Халықтық демократиялық партиясы (бұдан әрі - «Нұр Отан» ХДП) қол
қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзара ынтымақтастық
туралы меморандум аясында Агенттік басшылары екі жылдан астам уақыттан
бері тұрақты түрде «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалдарында азаматтарды
жеке қабылдаулар ұйымдастыруда.Жедел ақпарат
31.08.2010
ОҚО бойынша департаменті ЖШС-нің бастығы аз.К-ға қатысты ҚР ҚК-нің 222 бабының 1 бөлігімен (ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады, ол 2006-2009 жылдары, салық декларациясына кіріс туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы мемлекетке 314 млн. теңгеге салық төлеуден жалтарган. 31.08.2010
Павлодар облысы бойынша департаменті аз.Г-ға және аз.С-қа қатысты ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлігінің «б» тармақшасына сәйкес (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғады, яғни олар алдын ала сөз байласып, Павлодар облысы Әділет басқармасында 2008-2009 жылдар аралығында жалған ЖШС-ны тіркеп салық төлеуден жалтарып мемлекетке 591 млн. теңге көлемінде зиян келтірген. 31.08.2010
Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қарақия ауданы орта мектебінің ММ-нің лауазымды қызметкері аз. Ж-қа ҚР ҚК-нің 307 бабының 1 бөлігімен (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану), 314 бабының 2 бөлігімен (қызметтік жалғандық жасау) қылмыстық істер қозғады, ол өзінің қызмет бабын теріс пайдаланып, ЖШС-ға артықшылық пен пайда алып беру мақсатында, 2008 жылдың тамыз айында мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілмесе де, жұмыстар орындалғаны туралы жалған актілеріне қол қойып, мемлекетке 9 млн. 340 мың. теңгеге залал келтірген28.08.2010
Ақмола облысы бойынша департаменті Ақкөл ауданының әділет басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша маманы аз.А-ға қатысты ҚР ҚК 314 бабының 2 бөлігімен (қызметтік жалғандық жасау) қылмыстық істер қозғады, 2009 жылы маусым айында анықталмаған азиат ұлтты әйел адамның фото суретін ф-1 өтінішіне желімдеу жолымен нақты фото суреттің аз.Н-ға қатысы жоқ екенін біле тұра жалған мәліметтер енгізген.28.08.2010
Алматы облысы бойынша департаменті МРҚМ «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының» Талғар аудандық бөлімшесінің бұрынғы бастығы аз.С-ға қатысты ҚР ҚК 307 бабының 1 бөлігімен (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) қылмыстық іс қозғады, ол 2009 жылдың қараша айында, қызметтік бабын асыра пайдаланып, өзіне пайда мен артықшылық алу мақсатында, орталыққа аз.Х-ның атынан жүктілік және босанғаны үшін әлеуметтік төлемдерді алу мақсатында жалған анықтамалар өткізіп, нәтижесінде, соңғыға 630 мын теңге көлемінде жеңілдік бөлініп, мемлекетке көрсетілген сомада зиян келтірген.











