Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A



Назар, iздестiру



Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді
Агенттік
Төрағасының
Блогы
Агенттік Төрағасының Блогы
Қаржы Полициясы Академиясы

Сенiм телефоны - 144

Құқықтық акпараттық қызмет - 58 00 58
Дауыс бер!

RSS-жазылу

Social:

Басшылық

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасы


ТҮСІПБЕКОВ РАШИД ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ

Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы 1955 жылғы 28 қаңтарда Шымкент қаласында туған.
1962 жылдан бастап Қарағанды қаласында тұрған, 1973 жылы сонда № 3 орта мектепті бітірген.
Мектепті бітірген соң Қарағанды облыстық атқару комитеті өрт қауіпсіздігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген.
Кеңестік Әскер қатарында борышын өтеген соң 1976 жылғы тамызда Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультеті күндізгі бөлімінің 1-курсына түсіп, 1981 жылы оқу орнын үздік бітірген.
Қарағанды қаласының Совет аудандық сотында өткен 3 айлық тағылымдамадан соң 1981 жылы халық судьясы болып сайланды.
1984 жылдан 1993 жылға дейін Қарағанды облысы Нұра аудандық сотының төрағасы болып жұмыс істеген.
1993 жылдан 1999 жылға дейін Қарағанды облыстық сотының төрағасы болып жұмыс істеген.
1999 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының міндетін атқарды.
2000 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілдендіру комитетінің төрағасы болған.
2000 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуроры болып тағайындалды.
2005 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуроры болып екінші конституциалық мерзімге тағайындалды.
2009 жылғы сәуірден 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.
2012 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Төрағасы болып тағайындалды.
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Келесі наградаларға ие:
- 2-дәрежелі «Барыс» ордені;
- «Парасат» ордені;
- Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.



Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бірінші орынбасары


ЛУКИН АНДРЕЙ ИВАНОВИЧ

1961 жылы туған. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
1985 - 1998 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарында қызмет өткерген. Ақмола қаласы Шығыс ішкі істер бөлімінің бастығы, Ақмола қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, Мемлекеттік Тергеу Комитетінің бастығы.
1998 жылғы мамыр – 2003 жылғы шілде аралығында - Астана қаласы Тұрғын үй департаментінің бастығы, 2003 жылғы шілде – қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Әкімшілік және құқық жұмысы департаментінің директоры, 2003 жылғы қыркүйек – 2005 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.
2005 жылғы сәуірден - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары.
Қаржы полициясының генерал-майоры.

Марапаттары:
- ІI дәрежелі «Даңқ» ордені;
- «Қазақстан Констиуциясына 10 жыл» мерейтой медалі;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалі;
- «Астананың 10 жылдығы» мерейтой медалі;
- «Астана» медалі;
- «15 лет МВД РК» (ҚР Ішкі істер министрлігіне 15 жыл) мерейтой медалі;
- «Қазақстан Республикасының қаржы полициясына 15 жыл» қаржы полициясы органдарының кеуде белгiсi;
- Украинаның Мемлекеттік салық әкімшілігінің «За содействие налоговым органам» (Салық органдарына жәрдемдесу үшін) кеуде белгiсi;
- "70 лет службы в БХСС" (Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі);
- "10 лет безупречной службы" (КСРО Ішкі істер министрлігі).

Табыстар туралы мәліметтер: 2009 ж.

 


Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары


АХМЕТЖАНОВ МАРАТ МҰРАТҰЛЫ

1964 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, 1991 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1991 жылғы қыркүйек - 2012 жылғы ақпан аралығында прокуратура, әділет органдарында, мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет еткен. Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған.
2012 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары.
3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі – сыныптық шені бар.
«Құрмет» ордені – мемлекеттік наградасымен, әділет және прокуратура органдарының ведомстволық наградаларымен марапатталған.
Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.

Марапаттары:
- «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес үшін» естелік медалі;
- «Қазахстан Республикасы Мемлекеттік істері Агентігіне 10 жыл» кеуде белгiсi;
- «Астананың 10 жылдығы» мерейтой медалі;
- «Құрмет» ордені
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі;
- «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтой медалі;
- І,ІІ,ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі;
- «Прокуратураның құрметті қызметкері» кеуде белгiсi;
- «Шекераны үздік күзеткені үшін» естелік медалі;
- «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі;
- «Батыр Шапағаты» Бауыржан Мамышұлының медалі;
- «100 лет подводным силам России» медалі;
- «Адмирал Кузнецов» естелік медалі;
- «300 лет Российскому флоту» медалі;
- «Информационная служба МВД Республики Беларусь» кеуде белгiсi;
- «Қазақстан полициясына 15 жыл» кеуде белгiсi.



Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары


БОДАНОВ АЙВАР ЖИРЕНШЕҰЛЫ

 1962 жылы Жамбыл қаласында туылған.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген.
Еңбек қызметін 1984 жылы жоғары вольтты ауа жүйесінің шебері болып бастады. «Жамбылқұрылыс» трестінің «Мәденитұрмысқұрылыс» құрылыс басқармасының бас инженері болып жұмыс істеген.
1988-1998 жылдар аралығында ішкі істер органдары және Мемлекеттік тергеу комитетінің әр түрлі лауазымдарында қызмет атқарды.
1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қаржы полициясы органдарының басшы лауазымдарында қызмет атқарды.
1999-2004 жылдар аралығында Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінде бастықтың жедел жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2004 жылдан бастап Батыс Қазақтан және Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Экономикалық және қаржылық қылмыстарды  ашу  департаментінің бастығы болды.
2012 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары.
Қаржы полициясының полковнигі арнайы атағы бар.
«Қазақстан Республикасына 10 жыл» (2005 жыл), «Астананың 10 жылдығы» (2008 жыл) мерейтой медальдарымен наградталған.
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.


Марапаттары:
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалі;
- «Астананың 10 жылдығы» мерейтой медалі;
- «Үздік қызметі үшін» кеуде белгiсi
- «Қазақстан Республикасының қаржы полициясына 15 жыл» кеуде белгiсi.

 

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары

 

Құқық қорғау органдарына on-line режимдегi қылмыстар туралы өтiништер Заңңама базасы OSCE GRECO Transparency Kazakhstan Transparency International OECD Anticorruption - The World Bank United Nations Халықтық IPO Әділет - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі