Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A



Назар, iздестiру



Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді
Агенттік
Төрағасының
Блогы
Агенттік Төрағасының Блогы
Қаржы Полициясы Академиясы

Сенiм телефоны - 144

Құқықтық акпараттық қызмет - 58 00 58
Дауыс бер!

RSS-жазылу

Соц. сети:

Жаңалықтар

26.01.2013

Оңтүстік ҚазақAgentstvoстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясымен) “көлеңкелі” экономика саласында заңсыз ойын бизнесіне қарсы бағытталған ауқымды жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде заңсыз қызмет атқарып жатқан бірқатар ойын залдарын анықтады. Осылай, ағымдағы жылғы 24 қаңтарда Департамент қызметкерлерімен шұғыл-іздестіру іс-шаралар жүргізіліп, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базарының аймағында орналасқан 15 ойын залының қызметі әшкереленді, нәтижесінде 173 ойын автоматтары алынды. Қазіргі таңда барлық анықталған 15 дерек бойынша ҚР ҚК-нің 269-1 бабының 1-бөлігімен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

24.01.2013

Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департамент (қаржы полициясы) (бұдан әрі -Департамент) қызметкерлері акцAgentstvoизделетін қорқор (кальян) өнімін  Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкеAgentstvoлу, сақтау және тарату әрекеттерін тоқтатты. 2012 жылғы 14 қарашада Департамент қызметкерлері Алматы қаласының аумағында жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында, М. деген азаматтан салмағы 1 тоннаны құрайтын қорқор акцизделетін өнімін заңсыз сақтау және тарату фактісін анықтады. 2012 жылғы 21 желтоқсанда М. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК 190- б. 1-б. (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, 2012 жылғы 13 және 26 желтоқсанда Департамент қызметкерлері жалпы салмағы 2730 кг құрайтын қорқор өнімін Қазақстан Республикасының аумағына әкеліп, заңсыз таратқан екі азаматтың қызметін әшкереледі. Қазіргі таңда осы фактілер бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде. Тексерістен кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады.

24.01.2013

Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) Р.Шахантайұлына қатысты рейдерлік фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеуін аяқтады. Р. Шахантайұлы Д. деген азаматпен ЖШС-тің орAgentstvoтақ құрылтайшысы болып және жарғылық капиталының 33% үлесіне ие бола тұра, қылмысты ниетпен, мекемені иемдену мақсAgentstvoатымен, дауыс беру қорытындылары туралы дұрыс емес мәліметтерді жиналыс хаттамасына енгізу арқылы, сондай-ақ ЖШС үлесіне заңсыз жеке меншік алуға жағдай жасау арқылы құрылтайшылардың сату және сатып алу шартын және жиналыс хаттамасын жалған жасаған. Сондай-ақ, Р. Шахантайұлы қылмыстық әрекетін қисынды аяқтау барысында өзінің  ЖШС-і жарғылық капиталдағы жеке меншік үлесін 100 % деп Алматы қаласындағы әділет департаментінде тіркеп, азамат Д-ның құқығын бұзды. Тергеу амалдары аяқталған соң, Департаменттің тергеу басқармасымен қылмысытық іс сотқа жолданды. 2012 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласы сотының үкімімен Р.Шахантайұлы ҚР ҚК 226-1-бабының 2-тармағымен (рейдерлік) бойынша кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

24.01.2013

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық–насихаттау тобының жұмысы аясында ағымдағы жылғы 22 қаңтарда Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржAgentstvoы полициясы) (әрі қарай - ДAgentstvoепартамент) өкілі К.Жардемов Атырау облысы Махамбет ауданының Сарайшық және Бақсай селолық округтар тұрғындарымен кездесті.
Сонымен қатар кездесуге Атырау облысы ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері де қатысты. Ақпараттық–насихаттау тобының мүшелері өз сөздерінде мемлекеттік экономика, әлеуметтік және құқықтық салалардағы, сонымен қатар ішкі саясаттағы жетістіктерін атап өтті. Елбасының Жолдауын жүзеге асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, олардың еліміздің саяси және қоғамдық өміріндегі маңызы туралы мәселелерді талқылады. Кездесулерде Департамент өкілі К.Жардемов Жолдау бағыттарын жүзеге асыруға, сонымен қатар  құқық қорғау органдары және арнайы қызметтерді реформалау, сондай-ақ, құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңартуға қатысты сұрақтарға жауап берді.

24.01.2013

Ақтөбе облысAgentstvoы бойынша Қаржы полициясы  департаментінде  көмекке мұқтаж адамдарға Департамент қызметкерлерінің жеке табысынан қайырымдылық көмек көрсету әдетке айналған.Agentstvo
Ағымдағы жылғы 16 қаңтарда көне жаңа жылды мерекелеуге орай Ақтөбе облыстық қаржы полициясының қызметкерлері Алға балалар үйіне барды. Жаңа жылдық мереке құрметіне балаларға арналған керекті заттарды табыс етті. Балалар өз ризашылығын білдіріп, Департамент қызметкелерін жаңа жылдық тақпақ, әндерімен қуантты.

23.01.2013

Қаржы полициясы агенттігі «Ситуациялық орталық» атты талдау жүйесінің тұсауын кесті
2013 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясында) «Ситуациялық орталық» атты талдау жүйесі жобасының тұсау кесерін өткізді.
Агенттіктің Ақпараттық-талдау департаментінің бастығы О.Бектенов «Ситуациялық орталық» атты талдау жүйесі қолданыста бар ақпарат көздерінің негізінде саралау жүргізу, қылмыстық байланыстардың құрылымдары мен схемаларын жасау, туысқандық, әлеуметтік белгілер, бір-бірімен сыбайластығы және басқа да көрсетілген параметрлер арқылы өзара байланыстарын табуға мүмкіндік беретіні туралы айтты.
Жүйені жасаудың мақсаты қаржы полициясы органдарының тарапынан бизнестің қызметіне негізсіз араласу фактілерін азайту, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтауға жұмсалатын уақтылық, қаржылық және еңбек ресурстарын азайту арқылы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудағы қаржы полициясы органдары қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Тұсау кесерде Қаржы полициясы агенттігінің басшылығы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Көлік және коммуникациялар министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері болды.

23.01.2013

Қаржы полициясы агенттігі ҚОҚМ Қазақ экология және климатты ғылыми-зерттеу институтында бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады
2013 жылғы 21 қаңтарда Қаржы полициясы агенттігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қазақ экология және климатты ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы бас директоры Е.Түлекбаевқа және өзге тұлғаларға қатысты жалақысына заңсыз сыйақылар қосу арқылы 44 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 
Қылмыстық іс тергелуде, бюджет қаражатын ұрлаудың аталған фактілеріне қатысы бар басқа да тұлғалар анықталуда.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

23.01.2013

Қаржы полициясы органдарында басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің тәртібіне қатысты жеке жауапкершілік қағидасы жүзеге асырылуда
2013 жылғы 16 қаңтарда Қаржы полициясы агенттігінің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен жүргізілген тексерістің нәтижесінде қарамағындағы қызметкерлердің қызметіне қатысты тиісті ведомствалық бақылауды жүзеге асырмағаны үшін Агенттік Төрағасының бұйрығымен Хромтау аймағы бойынша қаржы полициясының ауданаралық басқармасының бастығы Қайрат Аманов лауазымынан босатылды.
Амановтың қызметтен босатылуына 2012 жылғы қарашадағы Хромтау аймағы бойынша қаржы полициясының ауданаралық басқармасының инспекторы А.Бимырзаның пара алды деген күдікпен ұсталуы себеп болды. 
Естеріңізге салсақ, 2012 жылғы 11 маусымда Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Р.Т. Түсіпбеков басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің тәртібіне қатысты жеке жауапкершілік қағидасын бекіткен «Қаржы полициясы органдарының басшылық құрамының қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігі» атты бұйрыққа қол қойған болатын.

17.01.2013

2013 жылғы 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Бұқтырма су қоймасы жағалауынан демалыс базасын салуға жер учаскесін беруі үшін жеке кәсіпкерден 150 мың теңге пара алды деген күдікпен Көкпекті ауданыныAgentstvoң жер қатынастары бөлімінің бастығы Қ.Зарықбаевты ұстады. Сонымен қатар ол жеке кәсіпкерден Бұқтырма су қоймасының жағалауынан демалыс базасын салу үшін жер учаскесін бөлуге плазмалық теледидар  алған деп күдіктенуде. Ағымдағы жылғы 15 қаңтарда Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімінің бастығына қатысты ҚР ҚК 311-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Зарықбаев Қ. соттың санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты  жарияланбайды.

09.01.2013

Ағымдағы жылғы 5 қаңтарда Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2050" Стратегиясы - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына жолдауының түсіндірме дәрісі өтті.
Осы күні Департамент қызметкерлеріне Президенттің Халыққа жолдауының негізгі бөлімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық қорғау органдары және арнайы қызметтерді реформалау, сондай-ақ, құқық қорғау органдарында өткен кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелерін есепке ала отырып кадрлық әлеуетті реформалау сұрақтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құқық қорғау органдарына on-line режимдегi қылмыстар туралы өтiништер Заңңама базасы OSCE GRECO Transparency Kazakhstan Transparency International OECD Anticorruption - The World Bank United Nations Халықтық IPO Әділет - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі Назарбаев орталығы