Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A



Назар, iздестiру



Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді
Агенттік
Төрағасының
Блогы
Агенттік Төрағасының Блогы
Қаржы Полициясы Академиясы

Сенiм телефоны - 144

Құқықтық акпараттық қызмет - 58 00 58
Дауыс бер!

RSS-жазылу

Social:

Жаңалықтар

09.01.2013

Ағымдағы жылғы 5 қаңтарда Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2050" Стратегиясы - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына жолдауының түсіндірме дәрісі өтті.
Осы күні Департамент қызметкерлеріне Президенттің Халыққа жолдауының негізгі бөлімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық қорғау органдары және арнайы қызметтерді реформалау, сондай-ақ, құқық қорғау органдарында өткен кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелерін есепке ала отырып кадрлық әлеуетті реформалау сұрақтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

09.01.2013

Заңсыз ойын бизнесімен күресу – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) қызметкерлері жұмысының басым бағытының бірі болып табылады.
2012 жылғы 11 айдың ішінде осы салада 160-тан астам дерек анықталып, қылмыстық істер қозғалған, оның ішінде 20-дан астамы - заңсыз казино ұйымдастыру дерегі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1600-ден астам ойын автоматтары, 8 покерлік үстел, 18 электрондық рулетка, 3 мыңнан астам ойын фишкалары және 2 млн. теңге ақшалай қаражат тәркіленді.
Қазіргі таңда бұл бағытта жұмыс жалғасуда және облыста заңсыз бизнесті жоюға бағытталған барлық іс-шаралар қолданылып жатыр.

2012 жылғы 28 желтоқсанда Қаржы полициясы агенттігі ведомствоның қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің қорытындыларын шығарды
Құқық қорғау жүйесі мемлекеттік механизмнің басты буындарының бірі болып табылады. Осы жүйенің құрамдас мүшесі – қаржы полициясы органдары.
Елбасы және заңдармен қаржы полициясы органдарына сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру, оған қоса шағын және орта бизнес субъектілерін олардың қызметіне заңсыз қолсұғушылықтан қорғау арқылы елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүктелген. Сондықтан қаржы полициясы қызметкері үшін мінсіз бедел мен жоғары адамгершілік келбеті өте маңызды болып саналады.
Қаржы полициясы органдарында аттестаттауды өткізудің басты мақсаты ведомстваның кадрлық құрамын өз міндеттерін қоғамның үмітіне сай тиімді орындауға дайын қызметкерлер санатынан қалыптастыру болды.
Қаржы полициясы агенттігінің жанындағы Орталық аттестаттау комиссиясының және аумақтық қаржы полициясы департаменттерінің жанындағы аймақтық комиссияларының жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, кәсіпкерлер ассоциицияларының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылды.

2012 жылғы 25 желтоқсанда Қаржы полициясы агенттігінде Агенттіктің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша қоғамдық кеңестің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) отырысы өтті.
Отырыста екі сұрақ қарастырылды: «Шағын және орта бизнес қызметіне негізсіз араласу фактілерін болдырмау бойынша қабылданған іс-шаралар туралы» және «Қаржы полициясы агентігімен өз қатарларындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қабылдаған іс-шаралары және кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелері туралы».
Отырысты алғы сөзбен Қоғамдық кеңестің төрағасы Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП жанындағы Сабайлас жемқорлыққа қарсы күрес Республикалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы О.Ә.Әбдікәрімов ашты.
Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Жанат Элиманов өзінің бандамасында Агенттікпен Елбасының инвестициялық жайда жақсарту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 2011 жылы екі кезеңде қылмыстық заңнаманы декриминализациялау және гуманизациялау бойынша жұмыс жүргізгендігін айтты.

22.12.2012

Ағымдағы жылғы 14 желтоқсанда Қостанай облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 21 жылдығына арналған мерекелік жиын өткізілді. Құттықтау сөзімен Департаменттің бастығы Д.Р. Айтжанов сөз сөйледі.
Осы іс-шараны өткізердің алдында Департамент бөлімшелерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Бірінші орын алғаны үшін Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу басқармасы және көмекші қызметтер кубок және грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ, жарыста көзге түскен қызметкерлерге жүлделер мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Жедел-қызмет жұмысының нәтижелері бойынша көзге түскен Департамент қызметкерлері құрмет грамоталарымен марапатталды. Бұдан басқа Департаменттің бірнеше қызметкерлері медальдармен марапатталды және арнайы атақ берілді.

Жаңалықтар мұрағаты


Жедел ақпарат

Қостанай облысы бойынша Департаменті ҚР ҚК 222-бабының  3-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару) «Мади 2010» ЖШС басшысы Т. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол анықталмаған тұлғалармен алдын ала келісіп, 2009-2011 жылдары аралығында салық төлеуден жалтару мақсатында, бухгалтерлік  құжаттарды, олардың сақтау мерзімі өткеніне дейін әдейі жойып, салық декларацияларына жалған мәліметті енгізу жолымен, 489 057 537 теңге салық төлеуден жалтарып, мемлекеттік залал келтірген. 
ШҚО бойынша Департаменті ҚР ҚК 308-бабының 4-бөлігі «а» тармағы (билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша Семей қаласы ІІБ патрульдік қызмет батальоны қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Олар 2011 жылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, Д. және С. деген азаматтарды соққыға жығып, соңғылардың денелеріне жеңіл жарақат түсірген, сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, олардың басында ұйыған қан, ми шайқалу түріндегі дене жарақаттары анықталған. 
ШҚО бойынша Департаменті ҚР ҚК 314-бабының 3-бөлігі (қызметтік жалғандық жасау) бойынша ШҚО Абай аудандық сотының судьясы Р. деген азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 2011 жылы М. деген азаматшаның ажырасу процесі туралы азаматтық істі М. деген азаматшасыз қарап, хатшысы Т. деген азаматшаға М. деген азаматшаның атынан оның арызын қарамай қайтаруы туралы арыз жаздырып, оның негізінде арызды қарамастан қайтару туралы шешім шығарып, қызметтік жалғандық жасаған, Р. деген азаматтың заңсыз әрекеті негізінде М. деген азаматтың заңмен қорғалатын мүддесі мен құқығы бұзылған. 
Алматы қаласы бойынша Департаменті ҚР ҚК 311-бабының 2-бөлігі (пара алу) және 177-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша П. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 2011 жылы алаяқтық жолмен пайда көру мақсатында Р. деген азаматты Алматы Әскери Тергеу басқармасының қызметкерлеріне қылмыстық істі тоқтату үшін пара беруге итермелеп 300 000 теңге пара алған. 
Жамбыл облысы бойынша Департаменті ҚР ҚК 311-бабының 4-бөлігі «а» тармағы (пара алу) бойынша «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің         Ә.Молдағұлова атындағы сауықтыру лагері» МКҚК басшысы А. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті тұлға бола тұра, 2012 жылғы 29 тамызда жеке кәсіпкер Т. деген азаматтан аталған лагерде атқарылған ағымдық жөндеу бойынша атқарылған жұмысына қаражаттарды аудару үшін 200 000 теңге пара алған. 
Жедел ақпарат мұрағаты
Құқық қорғау органдарына on-line режимдегi қылмыстар туралы өтiништер Заңңама базасы OSCE GRECO Transparency Kazakhstan Transparency International OECD Anticorruption - The World Bank United Nations Халықтық IPO Әділет - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі