Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A



Назар, iздестiру



Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді
Агенттік
Төрағасының
Блогы
Агенттік Төрағасының Блогы
Қаржы Полициясы Академиясы

Сенiм телефоны - 144

Құқықтық акпараттық қызмет - 58 00 58
Дауыс бер!

RSS-жазылу

Social:

Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың құрамдары

6.1. Лауазымдық құзыретті асыра пайдалану (ҚР ҚК 307 бабы).

ҚР ҚК 307 бабының 1 бөліміне сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адам, немесе оған теңелген адам қызмет мүддесіне қарсы өзіне немесе басқа адамдар немесе ұйым үшін пайда табу және басымдық алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызметтік құзыретін пайдаланса, егер ол азаматтардың немесе ұйымдардың немесе заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соқса, онда оған жүзден екі жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұл салынады, немесе еңбекақы мөлшерінде немесе бір айдан екі айға дейін сотталғанның басқа кірісімен немесе белгілі бір лауазымдарда істеу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыру немесе төрт айға дейін тұтқынға алу, немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қолданылады.

ҚР ҚК 307 бабының 2 бөліміне сәйкес лауазымды адам сол істі жасаса, үш жүзден бес жүз айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұл салынады, немесе еңбекақы мөлшерінде немесе үш айдан бес айға дейін сотталғанның басқа кірісімен немесе белгілі бір лауазымдарда істеу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыру немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру қолданылады.

Егер осындай істі жауапты мемлекеттік лауазымға ие адам жасаса, онда оған бес жүзден сегіз жүз айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұл салынады, немесе бес айдан сегіз айға дейін еңбекақы мөлшерінде сотталғанның басқа кірісімен немесе белгілі бір лауазымдарда істеу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыру қолданылады.

ҚР ҚК бабының 1,2 және 3 бөлімімен қарастырылған іс-әрекет, ауыр салдарға әкеліп соқса, сегіз жылға дейін сотталумен қатар белгілі бір лауазымда істеуге немесе белгілі бір қызметпен жеті жылға дейін айналысуға тыйым салынумен жазаланады.

6.2. Билікті немесе лауазымды құзыретті асыра пайдалану (ҚР ҚК 308 бабы)

Шенеуніктердің өз құзыретіне кірмесе де шешім шығаратын жағдайлары баршаға белгілі, мысалы, жер учаскелерін бөлі бойынша заңсыз шешім шығару, кадр сұрақтарын шешу, тендер өткізу, басқа адамның пайдасына шешім шығару және т.б. Лауазым иесі аталмыш қылмысты жасап,мұндай құқықтар мен құзыреттер шеңберінен шыққаны заңмен және заң астындағы актілермен, қаулыларм ен, өкімдермен, бұйрықтармен, нұсқаулармен және т.б. реттеледі. Мұндай қылмысты жасау үшін үш шартты орындау міндетті: іс-әрекет міндетті түрде адамның құзыреті шеңберінен шығуға тиіс, және бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымның немесе заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен мүддесін айтарлықтай бұзуға тиіс, мысалы, сыбайлас-жемқорлық қылмыс туралы істер жөнінде тергеу іс-әрекеттерін өткізу құқығын басқа мемлекеттік органның қызметкері иеленіп қоюы—заңға сәйкес мұндай құқық ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттіктігіне және Ұлттық қауіпсіздік Комитетіне жатады.
Билікті немесе лауазымдық құзыретті асыра пайдаланумен көрінетін сыбайлас-жемқорлық қылмыстың лауазымды жағдайын асыра пайдаланғаннан айырмашылығы—асыра пайдаланғанда лауазымды адам құқыққа қарсы іс-әрекетті өзінің лауазымды құзыреті шеңберінен шықпай жасайды.

ҚР ҚК 308 бабының сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адам, немесе оған теңелген адам қызмет мүддесіне қарсы өзіне немесе басқа адамдар немесе ұйым үшін пайда табу және басымдық алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызметтік құзыретін пайдаланса, егер ол азаматтардың немесе ұйымдардың немесе заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соқса, онда оған екі жүзден бесжүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұл салынады, немесе еңбекақы мөлшерінде немесе екі айдан бес айға дейін сотталғанның басқа кірісімен немесе белгілі бір лауазымдарда істеу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыру немесе төрт айға дейін тұтқынға алу, немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қолданылады.

Ауырлайтын жіктеу белгі осындай іс-әрекетті лауазымды адамның жасағаны болып табылады (ҚР ҚК 308 бабының 2 бөлімі), онда оған үш жүзден жеті жүз айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұл салынады, немесе үш айдан жеті айға дейін еңбекақы мөлшерінде сотталғанның басқа кірісімен немесе белгілі бір лауазымдарда істеу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыру, немесе бас бостандығынан бес жылға дейін айыру қолданылады.

Ерекше ауырлайтын жіктейтін жағдай болып осындай іс-әрекетті жауапты мемлекеттік лауазым иесі жасаса есептеледі, ҚР ҚК 308 бабының 3 бөліміне сәйкес оған бес жүзден мың айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұл салынады, немесе бес айдан он айға дейін еңбекақы мөлшерінде сотталғанның басқа кірісімен немесе белгілі бір лауазымдарда істеу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыру не айырмау қолданылады.

Егер бұл іс-әрекет ауыр салдарға әкеліп соқса немесе:
а) озбырлық қолданумен немесе оны қолдану қатерімен;
б) қару қолданумен немесе арнайы құралдар қолданумен;
в) өзіне немесе басқа адамдарға пайда және басымдық табу мақсатында немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалса, онда олар лауазымға ие болу құқығынан бірге айырылып немесе белгілі бір қызметпен жеті жылға дейін айналысу құқығынан айырылумен қоса он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

6.3. Лауазымды адамның құзыретін иемдену (ҚР ҚК 309 бап).

Лауазымды адамның құзыретін заңсыз іс-әрекет жасау мақсатында иемденеді, ол азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай бұзады. Мұндай заңсыз іс-әрекеттің мысалы: құқығы жоқ адамдардың азаматтарға байланысты жедел-іздестіру іс-әрекеттерін жасау немесе әкімдіктің қызметкері лауазымды адам болып табылмай өз басшыларының сұрақтарын шешеді, әрине, өзінің пайдасы үшін және т.б.

Адам мұндай қылмысты жасау үшін ек шарт қажет:
-лауазымды адамның құзыретін заңсыз иемдену азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүддесін айтарлықтай бұзуға әкеліп соғады;
-заңсыз іс-әрекет пен соңынан болған салдар арасында себепті байланыс болады. Бұл іс-әрекеттер тікелей жымысқылық деп сипатталуға тиіс.

Осы сыбайлас-жемқорлық қылмысты жасаудың ерекшелігі бұл сыбайлас-жемқорлық қылмысты жасау субъектілері лауазымды адамдар болып табылмайтын тек қана мемлекеттік қызметшілер болып табылады. ҚР қолданыстағы заңнамаға сәйкес, лауазымды адамдар болып тұрақты, уақытша немесе арнайы құзыреттікпен билік өкілдігінің міндетін атқарушы немесе мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, әскери күштерде және басқа әскери құрамдарда және республика әскерлерінде ұйымдастыру-билік жүргізу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттер атқарып отырған адамдар есептеледі.

ҚР ҚК 309 бабына сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті емес адам қызмет мүддесіне қарсы өзіне немесе басқа адамдар немесе ұйым үшін пайда табу және басымдық алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызметтік құзыретін пайдаланса онда оған елуден жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұл салынады, немесе еңбекақы мөлшерінде немесе бір айға дейін сотталғанның басқа кірісімен немесе қоғамдық жұмыстарға жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейін тартылуға немесе үш айға дейін тұтқынға алу қолданылады.

6.4. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (ҚР ҚК 310 бабы).

ҚР 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” №453-1 заң басқалардың қатарында мемлекеттік қызметте болумен байланысты тыйым салады. Мысалы, заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге тыйым салынады:
-педагогикалық, ғылыми және басқа творчестволық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға;
-кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде коммерциялық ұйымды,оның ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан, басқаруға, егер коммерциялық ұйымды басқару тікелей оның лауазымдық міндетіне кірмесе (10 бап).

ҚР 1998 жылғы 2 шілдедегі “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” заңда мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті лауазымды және басқа адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, шаруашылық субъектілерді басқаруға дербес қатысуға тыйым салынады, егер шаруашылық субъектілерге билік жүргізу заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттеріне кірмесе (10 бап 2 т.).

Жоғарыда аталған адамдар лауазымға кіріскен соң бір айдан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы міндеттерді орындау кезеңіне сенімдік басқаруға оларға жататын мүлікті беруге тиіс, оған заңды түрде өздеріне жататын ақша, сондай-ақ мүліктік жалға берілген басқа мүлік жатпайды.

“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” заңға сәйкес лауазымды және мемлекеттік міндеттерді орындауға теңелген басқа адамдар, егер олар осы міндеттерді орындаумен қабыспайтын қызметпен айналысса, жұмыстан босатылуға немесе заң белгілеген тәртіпте тиісті міндеттерді орындаудан босатылуға тиіс.

Осылай босатылған адам басқа қызметпен айналысуын қойғанға дейін мұндай міндеттерді орындауға қайтадан тағайындалмайды. Осымен қатар білген жөн: заңға сәйкес, заңнама белгілеген тәртіппен лауазымға кіріскен соң бір айдан кейін осы міндеттерді орындау кезеңіне оларға жататын коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесін (акция пакеттерін) сенімдік басқаруға беруге тиіс, оған заңды түрде өздеріне жататын ақша, сондай-ақ мүліктік жалға берілген басқа мүлік жатпайды.

Мемлекеттік қызметші сенімдік басқаруға берген мүлкінен кіріс ала алады,оның ішінде сыйақы, дивиденд, ұтыс, мүлікті жалға беруден және басқа заңды көздерден.

“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” заңның 10 бабы 8 т. сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдарға және оларға теңелген адамдарға өз атынан емес, жасырын, бүркеншік атпен азаматтық-құқықтық келісім жасауға тыйым салынады. Мұндай келісімдер заң белгілеген тәртіпте заңсыз деп мойындалады.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыс жасау үшін қажет шарт пен іс-әрекет—заңсыз кәсіпкерлік қызмет

Бұл қылмыстың объективтік жағы мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе оған теңелген адамның, заңға қайшы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құруында, немесе осындай ұйымды басқаруға тікелей немесе сенімді адамы арқылы қатысуында болып тұр, егер бұл іс-әрекеттер сол ұйымға жеңілдік және басымдық немесе басқа формада қамқоршылық көрсетумен байланысты болса.

Сонымен, сыбайлас-жемқорлық қылмыс жасап, лауазымды адам немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды құрады, немесе осы ұйымды тікелей немесе сенімді адамы арқылы басқаруға қатысады, кейде осы әрекеттердің екеуі де болуы мүмкін.

Кез-келген шенеунікті қылмыстық жауапқа тарту үшін қандай жағдай қажет?

Бұл қылмыстың субъектілері мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті немесе соған теңелген адамдар болып табылады. Қылмыстың бұл құрамы формалды, қылмысты жасау үшін іс-әрекетті жасау ғана жеткілікті, тікелей жымысқылықпен сипатталатын салдардың болуынсыз.Лауазымды адамның ұйымды құрғанына немесе оған белгілі бір жеңілдік пен басымдық беруімен бірге жетекшілік жасауына байланысты іс-әрекетін дәлелдеу қажет. Мысалы, тиімді тапсырмалар, салықтық және басқа жеңілдіктер және преференциялар, несиелер беру, тендерді ұту, тапсырмалар алу, әр түрлі тексерістерден босату және кәсіпкерлік қызмет үшін басқа оңтайлы жағдайлар жасау. Кінәлі лауазымды адамдардың басқа іс-әрекеттері тәртіптік кінарат ретінде бағаланады.

Бұл қылмысқа қаңдай жаза күтіледі?

ҚР ҚК 310 бабының 1 т. сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адам, немесе оған теңелген адам қызмет мүддесіне қарсы кәсіпкерлікпен айналысса, немесе өзі не сенімді адам арқылы кәсіпкерлік ұйымды басқаруға қатысса, өзіне немесе басқа адамдар немесе ұйым үшін пайда табу және басымдық алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызметтік құзыретін пайдаланса, егер ол азаматтардың немесе ұйымдардың немесе заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп соқса, онда ол бір жүзден екі жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұл салынумен қатар белгілі бір лауазымдарда істеу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айырылады, немесе еңбекақы мөлшерінде немесе бір айдан екі айға дейін сотталғанның басқа кірісімен немесе жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылу немесе үш айдан алты айға дейін тұтқынға алу, немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру қолданылады.

Осындай іс-әрекетті лауазымды адам жасаса (ҚР ҚК 310 бабының 2 бөлімі), онда оған үш жүзден бес жүз айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұлмен қоса белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейін айыру, немесе үш айдан бес айға дейін еңбекақы мөлшерінде сотталғанның басқа кірісімен немесе белгілі бір лауазымдарда істеу, немесе бас бостандығынан екі жылға дейін айыру қолданылады.

ҚР ҚК 310 бабының 3 бөлімінде лауазымды адам лицензиялау бойынша құзыретті мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бірлестіктерге беруге әкеліп соққан іс-әрекет жасаса, бір жүзден екі жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұлмен немесе белгілі бір лауазымға ие болу құқығынан немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айырылатыны айтылады.

6.5. Пара алу (ҚР ҚК 311 б.)

Пара алу үшін ұқсас себептер мен жағдайлар.

Пара алумен пәрменді күресу үшін—сыбайлас-жемқорлықтың ең қауіпті түрімен—оның тамырынан бастау керек, себебін түсіну қажет, адамдар неліктен пара береді және оның басқа адамдарға қандай салдары бар. Жағдайлардың төрт ұқсастығын бөліп, көрсетуге болады:

1 санат. Пара а) дефицитті заттар немесе жеңілдіктер алу үшін б) өз шығынын азайту үшін беріледі

2 санат. Пара дефицит болып табылмайтын заттар және жеңілдіктер, бірақ соларды бөлетін жеке шенеуніктердің қолында тұрғасын алу үшін (шығын азайту да осындай жағдайға жатады) үшін беріледі.

3 санат. Пара нақты кез-келген жеңілдіктер, артықшылықтар алу үшін емес, қосымша қызмет көрсеткені үшін, мысалы, істі тездеткені немесе құпия ақпарат бергені үшін беріледі.

4 санат. Пара а) басқалар кез-келген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ала алмауы үшін б) бәсекелестердің оларды алу үшін шығыны өсу үшін беріледі

1 санатқа пара берушінің шенеунік шешімінің арқасында бәсекелестер алдында оңтайлы жағдайда болатыны жатады. Мұндай жағдайларға тауарларды сыртқа шығару-сырттан әкелу операцияларын жасауға лицензия алу; шетел валютасымен операциялар жасау; мемлекеттік келісім-шарт немесе әр түрлі жеңілдіктер беру; мұнай және басқа пайдалы қазба кен орнын өндіруге концессиялар; жекешелендірілетін фирмаларды сатып алу; мемлекет қолында тұрған дефицит қорларға қол жеткізу; лицензия саны шектеулі жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға лицензия алу; қоғамдық жайлылыққа, мысалы, тұрғын үйге, субсидияға, кәсіпорынды полиция күшімен күшейте күзетуге қол жеткізу. Барлық жағдайда пара берушілер арасында бәсеке болуы мүмкін, шенеуніктер және саясаткерлер ондайды көбінесе өздері әдейі жасайды. Егер мемлекеттік бағдарламалар шенеуніктердің қолында болса, олар жеке пайдасы үшін дефицитті жасанды түрде жасайды немесе мемлекет қаражатын асыра жұмсауды күні бұрын қарастыруы мүмкін ( “ресурстарды созу” ретінде белгілі феномен).

2 санатқа салық салыну базасын қысқарту немесе нақты белгіленбеген салық ставкасы болмаған кезде одан жоғары пайда алу; кеден ережелерін айналып өту, баж төлемеу мүкіншілігі; бағаны бақылаудан құтылу; “біліктілікке” күні бұрын жататындарға қызметтің не анау, не мынау түрімен айналысуға лицензия беру; қызмет көрсетудің жалпы қол жететін түрлерін пайдаланған кезде артықшылықты қамтамасыз ету; мемлекеттік немесе муниципалды қызметте лауазым алу; қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтылу (әсіресе лауазымдық қылмыс және жеке тұлғаларға зиян келтірмеген қылмыстар үшін); жергілікті биліктен құрылыс жобаларын жүзеге асыруға рұқсат алу; қауіпсіздік ережелерін және қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларға талапты азайту болып табылатын мысалдар жатады.

Шенеуніктердің озбырлығы көбінесе пара алуға әкеліп соғады.Полиция қарақшыларға кәсіпкерлерді қорқытқаны үшін төлеуі мүмкін және сонымен қатар бизнесмендерден оларды қорғағаны үшін пара алуы мүмкін. Осыған ұқсас—саясаткерлер кәсіпкерлердің шығынын көбейтетін заңдарды қолдаймыз деуі мүмкін, немесе, керісінше, ерекше жеңілдіктер беруге уәде беруі мүмкін, әрине, пайдасыз емес.

3 санат осыдан бұрынғы екеуімен байланысты, оның мәні жеңілдік пен артықшылық алуда емес, кейбір қосымша қызмет көрсетуді алу, мысалы: келісім-шарттардың нақты тетіктері туралы құпия ақпарат; тездетіп шешіп беру; қағаз шытырығын қысқарту; полициялық акциялар туралы күні бұрын білу; салықты төмендететін оңтайлы аудиторлық тұжырым алу.

Шенеунік-бюрократтар көбінесе пара алуды тудыратын осындай жағдайларды өздері жасайды. Мысалы, шенеуніктер іс қарауды созуы мүмкін немесе анау-мынау жобаларды қарау тапсырмаларына тым қатал формальды талаптар қоюы мүмкін.

4 санат, 1-ші секілді, егер біреу ұтса, екіншісі ұтылды. Мысал ретінде заңсыз кәсіпорынның иесі құқық қорғау органдарына оның бәсекелестеріне қиыншылықтар тудырып отырғандары үшін пара төлеп тұрған жағдайларды келтіруге болады.Заңды бизнес иелері шенеуніктерге пара беру арқылы бәсекелестеріне қиыншылық тудыруы немесе тіпті олардың лицензияларын кері қайтарып алуы мүмкін. Мысал ретінде нақты болған оқиғаны айтуға болады: салық комитетінің жетекшісі құрылыс материалдарын сататын дүкен иесінен өз пәтерлерін жөндеу үшін 50 мың теңге сомасына құрылыс материалдарын құнерездеген. Одан қалды лауазымды адам қаланың коммерциялық құрылымдар жетекшілерінен жалпы сомасы 4 млн теңге болатын ақысыз қаржылық көмек көрсетулерін талап еткен. Экс-төраға пара алғаны және лауазымды құзыретті асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Басқа мысалдар. Кәсіпкерге алкоголь өнімін жеке саудалауға мемлекеттік лицензия алу үшін келісім актісі керек болды, бірақ қағазға заңды қол қойылу үшін кейбір құжаттар жетіспеді. Қалалық аумақтық жер орналастыру басқармасы бөлімінің бастығы 25 мың теңге пара үшін көмектесетін болды. Сот әкімшісі кәсіпкерден мүлікті сату бойынша саудаға қатысу үшін осы ведомстваның депозитіне енгізілген кепілдемені тезірек қайтарылуын қамтамасыз еткеніне 100 доллар пара алды.

Аудандық соттың судьясы баласына үкімді жұқалатқаны үшін бес мың доллар құнерездегенін айтып азамат ҰҚК облыстық департаментіне шағынған. Соттың үкімімен бұрынғы аудандық судья ҚР ҚК 311 бабының 3 бөлімі, 24 бабының 2 бөлімі қарастырған қылмысты жасағаны үшін кінәлі болып мойындалды.

Мұндай қылмыстың қасқойлық объектісі мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмысының заңды тәртібін бұзу болып табылады.Мұндай қылмыстың объективтік жағы мемлекеттік міндетті орындауға өкілетті адамның немесе соған теңелген адамның тікелей немесе делдал арқылы пара берушінің немесе соны көрсетіп-білдіретін адамдар пайдасына іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін, егер осындай іс-әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе соған теңелген адамның қызметтік құзыретіне енсе немесе ол лауазымдық жағдай бойынша осындай іс-әрекетке ((әрекетсіздікке) ықпал жасаса, сондай-ақ жалпы қамқорлық немесе қызмет бойынша бейқамдық жасаса.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыс субъектілеріне мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті немесе соларға теңелген адамдарды жатқызу керек.

ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысында осындай қылмыс субъектісі ретінде пара берушінің мүддесі үшін тиісті іс-әрекет жасауға құзыреті жоқ болса да өзінің лауазымдық ахуалына байланысты пара үшін басқа лауазымды адамдардың бұл іс-әрекеттерді жасауына шара қолданатын лауазымды адамдар да мойындалатыны айтылады.

Пара ретінде ақша, құнды қағаздар, материалдық құндылықтар, ақысыз көрсетілетін, бірақ төленуге тиіс қызмет көрсету, сондай-ақ мүлікке құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс, жөндеу жұмыстарын жасау; шипажайлық немесе туристік жолдамалар, жол билеттері, жеңілдік жағдайларда ссуда немесе несиелер беру және т.б.) болуы мүмкін.

Пара болып табылатын ақша және басқа құндылықтар мемлекет кірісіне айналады.

Егер пара заты табылмаса, онда оның құны заңсыз сатып алынған ретінде қолданыстағы азаматтық заңнамаға сәйкес мемлекет пайдасына айналады.

Лауазымды адамға пара беру ретінде лауазымды адамға мүлікке құқық беру, сондай-ақ осы мүлікке ие болу, мүлікті пайдалану немесе билік жүргізу қаралады, мысалы, автомобильге сенімхат беру немесе қымбат коттеджді ең төмен бағамен пайдалануға беру. Материалдық сипаттағы пайда үй салу, абаттандыру бойынша жұмыстар, қымбат жөндеу, демалыс ұйымдастыру және ақысыз жасалатын басқалар. Мұндайда параның мөлшері қылмыс құрамы туралы сұрақты шешуге ықпал етпейді.

Пара мөлшерін анықтау үшін пара заты қолданыстағы баға немесе қызмет көрсету тарифі негізінде ақшалай бағалануға тиіс. Егер заңсыз ірі мөлшердегі сыйақы бөлшектеніп алынса, онда бұл іс-әрекет бір жалғасын тапқан қылмыстың кезеңдерін көрсетіп-білдіреді де ірі мөлшерде алынған пара ретінде жіктеледі.

ҚР ҚК 311 бабының 1 қосымшасында параның ірі мөлшері туралы түсінік берілген: пара ірі мөлшерлі болып мойындалады, егер құнды қағаздардың, басқа мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайда құны бес жүз айлық есеп айырысу көрсеткіштерден асса. ҚР ҚК 311 бабының 2 қосымшасына сәйкес, егер мемлекеттік міндеттерді атқаруға өкілетті лауазымды адам немесе соған теңелген адам сыйлық ретінде алғашқы рет мүлікке құқық немесе басқа мүліктік пайданы алдын-ала келіспей бұдан бұрын жасаған заңды іс-әрекеті (әрекетсіздік) үшін алса және оның құны екі айлық есеп айырысу көрсеткіштерінен аспаса, мағнасы аз болғандықтан қылмыс болып табылмайды және тәртіптік жағынан жазаланады.

Параны алу және берудің заңсыз сыйақы алу мен қызметшіні параға сатып алудың айырмашылығы

Параны алу субъектісі лауазымды адам болып табылатынын есте сақтаған жөн. Заңсыз сыйақы алу субъектісі мемлекеттік, кооперативтік, жеке немесе басқа мекеменің, кәсіпорынның,ұйымның лауазымды адамы емес қызметші болып табылады. Параның коммерциялық параға сатып алудан айырмашылығы—коммерциялық параға сатып алу субъектісі коммерциялық немесе басқа ұйымда басқару міндеттерін атқарушы адам болып табылады.

Лауазымды адам бағынышты адамдардан немесе бақылаудағы адамдардан ақшалай қаражат немесе басқа құндылықты қамқорлық жасағаны немесе қызметте немқұрайды қарағаны, өзінің құзыретіне кіретін сұрақтарды оңтайлы шешкені үшін алса, бұл пара алған болып бағалануға тиіс.

Құнерездік деген не?

ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысында айтылған: лауазымды адам пара берушінің заңды мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекет жасау қаупімен немесе мұны қиын жағдайға әдейі қою арқылы пара беруді талап ету құнерездік болып табылады.

Күні бұрын келісу арқылы пара алу дегеніміз не?

Мұндай қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын екі және одан көп лауазымды адамдар тобы қатысып пара алса бұл алдын-ала келісіммен жасаған болып есептеледі. Мұндайда қылмыс аяқталған болып лауазымды адамдардың тым болмаса біреуі пара алған сәттен бастап есептеледі, пара беруші бірнеше лауазымды адамдардың қатысқан-қатыспағанын білмесе де. Бір топ адамдар алдын ала келісім бойынша пара алған кезде оның мөлшері алған құндылықтың және қызмет көрсетудің жалпы құнымен анықталады, ал мемлекет пайдасына негізсіз сатып алынғанды өтеп алғанда әр пара алушының алған материалдық пайдасының мөлшерін немесе ақшалай сомасын есептеу керек.

Алдын ала келісімсіз басқа лауазымды адаммен пара алған лауазымды адам, ал соңынан пара берушінің мүддесі үшін соңғыға алғанның жартысын берсе, ол параны алғаны және бергені үшін қоса жауап береді.

Лауазымды адам болып табылмайтын адаммен пара алуға байланысты лауазымды адамның іс-әрекеті біп топ адамдардың алдын ала келісімі бойынша пара алғаны болып есептелмейді.

Бірнеше рет пара алу

Бірнеше рет алу, пара беру немесе пара беруге делдал болу бұл қылмысты екі реттен кем емес жасалса есептеледі, егер мұндайда қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына мерзім өткен болмаса.

Бір мезетте бірнеше адамнан пара алу, егер әр пара берушінің мүддесі үшін жеке іс-әрекет жасалса, параны бірнеше рет алған деп жіктелуге тиіс.

Бірнеше кезеңмен пара беру немесе алу пара беруші үшін күтілетін нәтиженің болуын қамтамасыз ететін іс-әрекетті орындау немесе орындамау үшін, сондай-ақ алдын ала өзара келісім бойынша қылмыс жасаған бір топ лауазымды адамдарға пара беру, немесе аталмыш жағдайда делдал болу бірнеше рет жасалған қылмыс ретінде қаралмайды.

Кейде болады: адам пара алушыдан ақша немесе басқа құндылықты пара ретінде лауазымды адамға бермекші болып алады, бірақ оған бермей, өзі иемденіп алады, бұл алаяқтық болып жіктеледі.

Құндылықты алып қою үшін мұндай адам пара берушіні пара беруге итермелесе, оның іс-әрекеті алаяқтықпен бірге қосымша пара беруге итермелеу болып жіктеледі, ал пара берушінің іс-әрекеті пара беруге ұмтылу болып бағаланады. Мұндайда нақты лауазымды адамның аты-жөні аталған-аталмағаны ескерілмейді.

Пара алғаны үшін жауап беру шарттары

Пара алғаны үшін жауапкершілік лауазымды адам іс-әрекетті жасағанға дейін не жасамағанға дейін алғанына қарамастан, сондай-ақ пара туралы алдын ала айтылғаны-айтылмағанына , пара берушінің мүддесіне небір іс-әрекеттер жаслған-жасалмағанына қарамастан келеді. Құндылықты,қызмет көрсетуді немесе жеңілдік алу шарттары арнай талқыланбаған жағдайдың өзінде іс-әрекет пара берген және алған болып мойындалады, себебі қылмысқа қатысушылар параның пара берушінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында берілетінін біледі. Құқық қорғау органдарына дайындалып жатқан қылмыс туралы белгілі болса да егер лауазымды адам параны нақты қабылдаса, онда мұндай адамның іс-әрекеті параны алып болған болып бағаланады.

Қылмыстың аса қауіпті екенін сипаттайтын жіктеу белгілері (құнезерлік, параның ірі мөлшері, пара алушының жауапты лауазымды жағдайы) пара алуға қатысқандардың кінәсі де есептеледі, егер бұл жағдайлар жымысқылықпен байланысты болса.

Параны алу және беру үшін жауапкершілік сол мезетте дербес қылмыс құрайтын іс-әрекет үшін жауапқа тартуды да жоққа шығармайды (қызмет жағдайын асыра пайдалану, бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысу және т.б.). Мұндай жағдайда жасалған іс-әрекет қылмыстың бәрін қоса жіктеледі.

Пара берушінің полицияға, прокуратураға, сот немесе басқа мемлекеттік органға берген ауызша немесе жазбаша арызы қылмыстық жауапкершіліктен босататынын білген қажет. Мұндайда қандай себепті басшылыққа алса да өтініш еркін болу керек.

Билік органдарына пара бергені туралы белгілі болғаннан кейін берген арыз ерікті болып есептелмейді. Жасалған қылмыс туралы еркін берген арыз кезінде қылмыстық жауапкершіліктен пара берушілер ғана емес, олардың бірге қатысқандары да босатылады.

Пара берушілерді құнерездік бойынша немесе пара беру туралы ерікті арыз бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату бұл адамдардың іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқ екенін білдірмейді, сондықтан олар жәбірленушілер болып мойындалмайды және олар пара түрінде тапсырған құндылықтарды қайтарып алуға құқылы емес.

Ал егер құнерездік болған жағдайда және ол туралы пара беруші құқық қорғау органдарына арызданса, пара заты оның иесіне қайтарылады. Жоғарғы сот Пленумы соттарға техникалық құралдар көмегімен дәлелдер жинаған уақытта (бейне-және аудиожазба, пара заттарын арнайы бояулармен өңдеу және т.б.) заң талаптарынан шегіну фактілері жіберілетіні туралы нұсқау береді.Соттарға қылмыстық қудалау органдары осындай тәсілмен дәлелдер алған кезде ҚПК нормаларының сақталуын мұқият тексеруге тиіс.

Пара үшін қылмыстық жазалаудың шаралары қандай?

Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адам, немесе оған теңелген адам тікелей немесе делдал арқылы ақшалай,құнды қағаз, басқа мүлік, мүлікке құқық түрінде немесе пара берушінің немесе оны көрсетіп-білдіретін адамдардың пайдасына іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара алса, егер мұндай іс-әрекет мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе оған теңелген адамның қызметтік құзыретіне кірсе, немесе лауазымдық жағдайына байланысты ол осындай іс-әрекетке ықпал жасай алса, сондай-ақ жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында немқұрайдылық жіберсе, ол жеті жүзден екі мың айлық есеп айырысу көрсеткіштер мөлшерінде немесе жеті айдан бір жылға дейін сотталғанның еңбекақысы немесе басқа кіріс мөлшерінде айыппұл салумен жазаланады, немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырумен,немесе белгілі бір лауазымда істеуге немесе белгілі бір қызметпен айналысуға бес жылға дейін тыйым салумен қатар мүлкін тәркілеу немесе тәркілемеумен бірге сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады. Лауазымды адам осы іс-әрекетті жасаса, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін пара алса, үш жылдан жеті жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға жеті жылға дейін тыйым салумен қатар мүлкін тәркілеу немесе тәркілемеумен бірге сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

311 баптың бірінші немесе екінші бөлімімен қарастырылған іс-әрекет жауапты мемлекеттік лауазымға ие адаммен жасалса, ол бес жылдан он жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға жеті жылға дейін тыйым салумен қатар мүлкін тәркілеу немесе тәркілемеумен бірге сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

311 баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөлімдерімен қарастырылған іс-әрекеттер: а) құнерездік арқылы;б) алдын ала келісім бойынша немесе ұйымдастырылған топпен; в) ірі мөлшерде; г) бірнеше рет жасалса, мүлкін тәркілеумен бірге жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

6.6. Пара беру (ҚР ҚК 312 бабы).

Көп азаматтар, қолданыстағы ережелерді айналып өту үшін, пара береді. Олар мұның қылмыстық іс екенін ұмытады.Мысал ретінде ҚХР азаматына шығарылған үкімді келтіруге болады:ол қытай компаниясы өкілеттігінің жетекшісі ретінде пара бергісі келгені үшін жалпы режимді екі жылға бас бостандығынан айырылды. Шетел мемлекетінің азаматында Қазақстанда болу рұқсаты бітті. Рұқсаттың іс-әрекеті аяқталғаннан кейін ол тұрақты тұруға үміттенген, сол үшін ҰҚКД бір басқармасының бастығынан ықпал етуін сұраған. Шетел азаматы 1 мың доллар сыйақыны офицерге ҰҚКД басқармасының ғимаратында келушілердің бөлмесінде тапсырған. Бірақ ҰҚКД қызметкері қылмысқа бармаған, пара берушіні сол жерде ұстады.

Аталмыш қылмыстың субъектісі 16 жасқа жеткен адам болуы мүмкін. Бұл сыбайлас-жемқорлық қылмыста ҚК 311 бабындағыдай қылмыс мәні мен объекті ұқсас және толығымен қабысады.

Бұл қылмыстың объективтік жағы мемлекеттік міндетті орындауға өкілетті адамға немесе оған теңелген адамға, сондай-ақ лауазымды адамға және шетел мемлекетінің лауазымды адамдарына пара беру болып табылады.

ҚР ҚК 312 бабының 1,2 қосымшасында мемлекеттік міндетті орындауға өкілетті адамға немесе оған теңелген адамға бұдан бұрын заңды жасалған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін екі айлық есеп айырысу көрсеткіштерден аспайтын сомамен немесе құн тұратын сыйлықты алғашқы рет берсе, және ол алдын ала келісілмесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтыны айтылады.

Пара берген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, егер оған құнерездік қолданылса немесе ол пара бергені туралы қылмыстық іс қозғай алатын органға өз еркімен хабарласа.

ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысында мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдар үшін небір артықшылық алу үшін пара берген адамдардың іс-әрекеттері пара беру ретінде жіктелуі тиіс, ал негіз болған жағдайда—басқа қылмыстарды қоса (ұрлау, қызметтік жағдайын асыра пайдалану және басқалары).

Мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке кәсіпорындардың, мекемелердің немесе ұйымдардың бағынышты адамдарына қажет іс-әрекетті (әрекетсіздікті) басқа лауазымды адамға пара беру арқылы шешуді ұсынған жетекшілер пара беруші ретінде жауапкершілікті көтереді.

Мұндай сыбайлас-жемқорлық қылмыс екі жүзден бес жүз айлық есеп айырысу көрсеткіштерімен немесе екі айдан бес айға дейін сотталғанның еңбекақысы немесе басқа кірісінен ұстау, немесе түзету жұмыстарымен екі жылға дейін, немесе үш жылға дейін бостандығын шектеумен, немесе үш айдан алты айға дейін қамауға алынумен, немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Лауазымды адамға пара беру, сондай-ақ заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін немесе бірнеше рет жасағаны үшін, немесе ұйымдастырылған топпен жасағаны үшін пара беру жеті жүзден екі мыңға дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштерімен немесе жеті айдан бір жылға дейін сотталғанның еңбекақысы немесе басқа кірісінен ұстау, немесе бес жылға бостандығын шектеу, немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

6.7. Пара беруге делдалдық (ҚР ҚК 313 бабы)

Пара алуға делдалдық объектісі және мәні ҚР ҚК 311 бабы қарастырған объектімен және мәнімен толық қабысады—пара алу.

Қылмыстың осы құрамының субъективті жағы байланысты:
-пара алу-беруге делдал болу;
-Аталмыш қылмыстың субъектісі 16 жасқа жеткен адам болып табылады.

Аталмыш іс-әрекеттің субъективті жағы тікелей жымысқылықпен сипатталады, адам пара берушінің пара затының берілетінін күні бұрын біледі және оны пара алушыға тапсыруға уәде береді.

ҚР Жоғарғы сот Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы “Соттардың пара үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы” №9 қаулысында пара беру немесе алуды ұйымдастырған, соған итермелеген немесе параны алуға немесе беруге делдал болған лауазымды адам немесе басқа адам параны беруге не алуға қатысқаны үшін жауапты болатыны айтылған.

Параға делдалдық жасау мен параны алу және беру арасын айыру қажет, делдал пара беруші мен пара алушының тапсырмасы бойынша іс-қимыл жасап, тікелей пара затын береді. Мұндайда бұл адамды параға делдал болғанына кінәлі деп мойындау үшін пара берушіден не пара алушыдан сыйақы алған-алмағаны мәнсіз болып табылады.

Келісілген іс-әрекетті пара үшін орындауға уәде берген және параны тапсырған жұмыскер пара беруге қатысушы ретінде жауап береді. Егер ол тапсырманың сипатын біліп, параны тек қана тапсырса, оның іс-қимылы пара беруге делдалдық ретінде жіктеледі. ҚР ҚК 313 бабының 1 бөліміне сәйкес пара алуға делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге олардың арасында пара беру және алу туралы келісімге ықпал жасаса, онда жүзден үш жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде немесе бір айдан үш айға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде, немесе түзету жұмыстарымен бір жылға дейін, екі жылға дейін бостандығын шектеумен, немесе төрт айға дейін тұтқынға алумен, немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Ауырлататын жағдайлар аталмыш баптың 2 бөлімінде жазылған:бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет немесе ұйымдастырылған топпен немесе қызметтік жағдайын пайдаланып іс-қимыл жасалса, онда бес жүзден мың айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұлмен немесе бес айдан үш айға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде, немесе төрт жылға дейін бостандығын шектеумен, немесе сол мерзімге дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Пара алуда өз қызметтік жағдайын пайдаланып делдал болды деп есептеледі, егер лауазымды адам делдалдық кезде оған берген құқық пен құзыретті пайдаланса. Қызметтік жағдайды пайдаланып пара алуға делдал болды деп есептелінбейді, егер ол кінәлінің қызметімен байланысты болмаса немесе мұндай адам лауазымды адам болып табылмаса. Делдал алдын ала ұрланған біреудің мүлкін берген жағдайда, егер делдал бұдан бұрын пара заты пара берушімен ұрланатынын білсе және оны пара алушыға тапсыруға уәде берсе, қылмыстың екі түрі көрініп тұр—пара алуға делдалдық және ұрлауға қатысушы болу. Егер пара пара алушының еркінен тыс жағдайлар бойынша толық немесе жартылай алынбаса,оның істегенін келісілген параны алуға тырмысу ретінде жіктеу керек. Лауазымды адам ұсынылған параны алудан бас тартса, пара берушінің іс-әрекеті пара беруге ұмтылу, ал делдалдыкі—делдалдыққа ұмтылу болып жіктеледі. Лауазымды адамға берілген ақша жалған немесе жартылай ақшалай белгілермен ұқсату болған жағдайда, пара алушының іс-әрекеті келісілген параны алуға ұмтылу болып жіктеледі.

6.8. Қызметтік жалған іс ( 314 бап)

Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамдар, немесе оларға теңелгендердің жасайтын сыбайлас-жемқорлық қылмыстың тағы бір түріне қызметтік жалған іс жатады. Мұндай жағдайда қылмыс мәні ресми құжаттар болып табылады. Ресми құжаттар деп мемлекеттік органдар беретін құқық және міндеттер артатын, фактілер бекітетін, заңды мағна беретін құжаттарды түсіну керек. Мысалы, сондай құжаттарға тууы туралы куәліктер, білім алу туралы дипломдар, әскери билеттер және әскери қызметтен босату туралы құжаттар, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке, жер учаскелеріне құқықты бекітетін құжаттар, жүргізуші құқығы, әр түрлі лицензиялар, белгілі бір қызметпен айналысатын рұқсат пен сертификаттар және басқалары.

Мамандар қызметтік жалған істің 2 түрін айырады:
-материалдық, құжат формасына небір механикалық өзгерістер, әр түрлі өшіру, фотографияларды қайта жапсыру, қойылған қолды, мөрді жасандылау және басқалар болған кезде;
-интелектуалды, құжат формасы өзгерілмейді, дегенмен оның мазмұнына өзгерістер енгзілген кезде.

Мысалы, ақша үшін туған жері туралы жалған мәліметтер енгізу, сот шешімі бойынша көлік жүргізу құқынан айырылған адамға құқық беру, оқу орнын аяқтағаны туралы жалған дипломдар беру арқылы және басқалары. Салдарының болу-болмауына қарамастан қылмыс жалған құжат дайындалған нәтижесінде жасалған болып есептелетінін білу қажет. Қылмыстық жалған іс кезінде субъективті жағы ресми құжаттарға күні бұрын жалған мәліметтер енгізу, сонымен қатар аталмыш құжаттарға олардың нақты мазмұнын өзгертетін түзетулер енгізу немесе күні бұрын жалған немесе жасанды құжаттар беру болады. Мұнда, қаралған сыбайлас-жемқорлық қылмыс құрамдары секілді, біз қылмыстың арнайы субъектісін кездестіреміз—мемлекеттік міндетті орындауға өкілетті адаммен, немесе оған теңелген адаммен. Мұндай іс-қимыл қылмыс болып тек қана тікелей жымысқылық болса ғана мойындалады. Кінәлі адам іс-қимылының барлық қоғамдық қаупін түсінеді және оны жасауға құмарлы. Оның үстіне мұндай әрекет өзіне немесе басқа адамдар немесе басқа ұйымдар үшін пайда табу және басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру үшін жасалады. ҚР ҚК 314 бабына сәйкес, қызметтік жалған іс, яғни мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адам немесе оған теңелген адам күні бұрын жалған мәліметтер жазса, сонымен қатар аталмыш құжаттарға олардың нақты мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізсе, немесе белгілі жалған немесе жасанды құжаттар берсе, егер бұл әрекеттер өзіне немесе басқа адамдар немесе басқа ұйымдар үшін пайда табу және басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру үшін жасалса, онда олар жүзден екі жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде немесе бір айдан екі айға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде, немесе қоғамдық жұмыстарға жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін тартылуға,немесе түзету жұмыстарымен екі жылға дейін, немесе алты айға дейін тұтқынға алумен, немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Лауазымды адам жасаған сондай әрекеттері үшін үш жүзден бес жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұлмен немесе үш айдан бес айға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде, немесе белгілі бір лауазымға ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысуға құқықтан айырылумен бірге бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Қаралып отырған баптың бірінші бөлімімен қарастырылған әрекет, егер ол жауапты мемлекеттік лауазымы бар адаммен жасалса, бес жүзден мыңға дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде айыппұлмен немесе үш айдан жеті айға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде, немесе белгілі бір лауазымға ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысуға құқықтан айырылумен бірге жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

6.9. Қызмет бойынша әрекетсіздік ( ҚР ҚК 315 бабы )

Тағы бір сыбайлас-жемқорлық қылмыс қазақстандық заңнамаға сәйкес қызмет бойынша әрекетсіздік болып табылады.

Мұндай қылмыстардың мәні адам өз міндеттерін пайдакүнемдікпен немесе басқа мүдделілікпен орындамағанында. Мұндай қылмыс мемлекетті басқару тәртібіне нұқсан келтіреді. Бұл қылмыстың мәні мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның немесе оған теңелген адамның өзіне немесе басқаларға немесе ұйымдарға пайда табу және артықшылық алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өз қызметтік міндеттерін орындамауы. Бұл қылмысты жасау үшін үш шарт қажет:

-қызмет бойынша әрекетсіздік азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін немесе заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерін әжептәуір бұзуы;

-адам қызмет бойынша әрекетсіздікті өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайдакүнемдікті қудалап жүзеге асыруға тиіс; -бұл екі әрекет арасында себепті байланыс қажет.

Қаралып отырған қылмыс жүзден екі жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде немесе бір айдан екі айға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде немесе үш жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынумен немесе төрт айға дейін тұтқынға алумен, немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Лауазымды адам жасаған осындай әрекет үш жүзден бес жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде немесе үш айдан бес айға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде немесе белгілі бір лауазымға ие болу құқығынан айырумен қоса үш жылға дейін бас бостандығынан айырумен немесе бес жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынумен жазаланады.

Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адам осындай әрекет жасаса

бес жүзден сегіз жүзге дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде немесе бес айдан сегіз айға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде немесе белгілі бір лауазымға ие болу құқығынан айырумен қоса бес жылға дейін бас бостандығынан айырумен немесе бес жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынумен не онысыз жазаланады.

315 баптың 1,2, және 3 бөлімдері қарастырған әрекет ауыр салдар әкелсе белгілі бір лауазымға ие болу құқығынан айырумен қоса сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырумен немесе жеті жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынумен жазаланады.

6.10. Сеніп берілген біреудің мүлкін иемдену немесе ысырап қылу (ҚР ҚК 176 бабы )

Сеніп берілген біреудің мүлкін иемдену немесе ысырап ету объектісі меншік болып табылады. ҚР АК сәйкес меншік құқығы заңнамалық актілермен субъектінің өз қарауы бойынша оған жататын мүлікке ие болу, пайдалану және билік жүргізу құқығы мойындалады және қорғалады. Меншік иесіне өз мүлкіне иелік жасау, пайдалану және билік жүргізу құқығы жатады.

Қылмыс субъектісі арнайы, ол 16 жасқа келген физикалық есі дұрыс адам, оған мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адаммен мүлік заңды пайдалануға сеніп, берілген. Сеніп, тапсырылған біреудің мүлкін иемдену немесе ысырап қылу құрамы үшін заңмен жіктеу белгілері қарастырылған. Мұнда өз қызметтік жағдайын пайдаланумен біреудің сеніп, тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап қылу мен мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адамның жасаған әрекеттері арасындағы айырмашылығын, түсіну, көру қажет. Кінәлі адамға сеніп, берілген мүлік ұрлау заты болып табылады. Мұндайда қаралып отырған бапта мүлік әрдайым материалдық сипатқа ие және ақшалай бағасы бар, адамның еңбегі сіңген белгілі құндылыққа ие екенін есепке алу керек. Бұл мүлік иемденіп қойғаны немесе біреудің мүлкін ысырап қылғаны үшін кінәлі адамға жатпайды. Қаралып отырған қылмыстың объективті жағы—біреудің мүлкін иемденіп қою және ысырап қылу. Заңды жолмен алынған біреудің мүлкін өзінің меншігі секілді билеу мақсатында заңсыз ұстау (борышқа, сақтауға және т.б.)—иемдену (мүлік, ақша) (embezzlement). Қылмыс аяқталған болып біреудің мүлкін алу және жекешелеу және оны өз мүлкіне қосу сәтінен бастап мойындалады. Біреудің мүлкін заңсыз иемденуден кінәлі адамның одан кейінгі іс-әрекеттері ұроаудың басқа дербес формасына—ысырап қылуға көшуі мүмкін. Ысырап ету дегеніміз ақшаны немесе меншікті заңды негізде иемденіп отырған адамның заңсыз пайдалануы. Мұндайда сеніп, берілген мүлік заңсыз жұмсалады, үшінші адамдарға беріледі және/немесе өз мұқтажы үшін қылмыс субъектісінің өзімен тұтынылады. Екі жағдайда да қылмыстар аяқталған болып есептеледі, егер мүлік алынып, кінәлінің оған өз қарауы бойынша нақты билік жүргізу мүмкіншілігі болса. Қылмыстың субъективтік жағы кінәлінің басшылыққа алатын себебін , сондай-ақ қылмысты жасаған кезде қудалаған пайдакүнемдік мақсатын енгізеді. Қылмысты жасады деп кінәліні мойындау үшін адамның ұрлық жасағаны немесе әдейі ысырап етуі керек және оның қоғамдық қауіптілігін түсінгендігі, меншік иесіне материалдық зиян келетінін білгені және пайдакүнемдік оймен соны қалағаны қажет. Мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адам немесе соған теңелген адам кінәліге сеніп, берген біреудің мүлкін иемденіп кету немесе ысырап қылу, яғни ұрлау, егер ол қызмет бабын пайдаланып істелсе, мүлкін тәркілеумен қатар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырумен және белгілі бір лауазымға ие болу немесе үш жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен, ал ҚР ҚК 176 бабының г) тармағымен қарастырған жағдайларда—жеті жылға дейін жазаланады. Қылмыстар, 1) алдын ала келісумен бір топ адамдармен жасалған; 2) бірнеше рет жасалған; 3) қызмет бабын пайдаланумен жасалған болса, бес жүзден мыңға дейін айлық есеп айырысу көрсеткіштері мөлшерінде немесе бес айдан бір жылға дейін сотталғанның еңбекақы мөлшерінде немесе басқа кіріс мөлшерінде айыппұлмен немесе төрт жылға дейін бостандықты шектеумен, немесе үш жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салынумен қоса екі жылға дейін мүлкін тәркілеумен бірге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

176 бабтың 1,2 бөлімдері қарастырған әрекеттер а) ұйымдастырылған топпен; б) ірі мөлшерде; в) ұрлық немесе құнерездік үшін бірнеше рет сотталған адаммен; г) мемлекеттік міндеттерді орындауға өкілетті адаммен немесе соған теңелген адаммен жасалса,егер ол қызмет бабын қолданумен қабысса, үш жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуғаал г) тармағымен қарастырылған жағдайларды—жеті жылға дейін тыйым салынумен қоса мүлкін тәркілеумен бірге бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

6.11. Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау (ҚР ҚК 189 бабы )

Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың негізгі түрлерімен қатар практикада заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау жиі кездеседі. Бұл қылмыс кәсіпкерлік бостандығына қасқойлық жасауды көрсетіп-білдіреді және ҚР Негізгі Заңының 6 және 26 баптарында көрсетілген кәсіпкерлік қызметтің конституциялық кепілдігін бұзуды көрсетеді.

Жазылғанға сәйкес кәсіпкерлік қызметінің барлық қатысушылары нарыққа қол жеткізуге, ресурстардың әр түрлеріне (табиғи, материалды,қаржылық, ақпараттық және т.б.) тең құқыққа ие.

Кәсіпкерлік субъектілері заңға сәйкес өз қызметінің саласын, өндіріс мөлшерін анықтайды, пайданы бөледі және мүлкіне билік жүргізеді. Практикада осындай қызметті жүргізуге кедергі жасаумен байланысты жағдайлар жиі туады. Мұндай әрекеттер қандай түрде болса да болмауға тиіс ( әр түрлі мағнасыз себептермен кәсіпкерлік қызметті тіркеуден бас тарту, заңда көрсетілмеген негіздер бойынша лицензия бермеу, және мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар жағынан кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қудалаудың басқа түрлері).

Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады, мысалы, мынадаймен: 1)ұйымдастыру-құқықтық формасына байланысты кәсіпкерлердің немесе олардың ұйымдарының құқықтарын және заңды мүдделерін шектеу (жеке кәсіпкер, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив немесе мемлекеттік кәсіпорын) немесе меншік формасы (жеке немесе мемлекеттік); 2) жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу; 3) олардың қызметіне басқаша заңсыз араласу.

Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу тек қана қолданыстағы заңнама негізінде мүмкін, ол адам мен азаматтың, меншіктің, ұйымдардың құқығын және заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР конституциялық құрылысты қорғау мақсатында жеке кәсіпкер және коммерциялық ұйымдар үшін кәсіпкерлік қызметтің белгілі түрлерімен айналысу құқығын шектеуді қарастырады, арнайы рұқсат алған кезде белгілі шектеулер қояды (лицензиялар) және т.б.

Тек қана жеке жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласумен байланысты мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттері мүмкін: монополистік қызметті және қисынсыз бәсекелестікті шектеу, экологиялық, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, сауда ережелерін бұзуға қарсы іс-әрекет және т.б. бойынша құқықты құзыретті жүзеге асырған кезде.

Бұл қылмысты жасағаны үшін жауапкершілікті тек қана лауазымды адам көтереді. Лауазымды адам түсінігіне қарап, ҚР ҚК 307 бабының 3 қосымшасына сілтеме жасау керек.

Лауазымды адам деген түсінік оның мынадайц әртүрлігін қамтиды: ұйымдастыру-тарату міндеттерді және әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындайтын билік өкілі, лауазымды адам.

Лауазымды адам—билік өкілі.

Билік өкілінің қызметі азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты , олардың ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, заңмен негізделген және орындауға міндетті өкімдер мен іс-әрекеттермен көрсетіледі. Мысалы, билік өкілі—полиция қызметкері небір жағдайларда азаматтардың құжатын тексеруге, кідіріссіз тұрғын үйге және азаматтардың басқа үй-жайларына кіруге құқылы.

Ұйымдастыру-билік жүргізу міндеттерін орындайтын лауазымды адам.

Мұндай міндеттерді орындайтын адам мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның, бөлімнің, учаскенің және т.б. қызметіне басшылық жасайды ( кадрлар таңдайды, оның қарамағындағы қызметкерлердің іс-әрекетіне жетекшілік етеді, жоспарды орындауды жоспарлайды және т.б.). Ұйымдастыру-билік жүргізу міндеттерді орындау басқа адамдардың қызметіне басшылық жасаумен тікелей байланысты.

Әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындайтын лауазымды адам.

Әкімшілік-шаруашылық міндеттердің мазмұны мүлікті бақылау және билеу, онымен келісім жасау, жауапты сақтау және т.б. бойынша құзыретті жүзеге асыру болып табылады. Қылмыс әдейі жасалынады.

Лауазымды адам кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға заңды негіз жоқ екенін біледі, бірақ керісінше істегісі келеді. Мұндай мінез-құлықтың себебі әртүрлі: пайдакүнемдік, мысалы, жеке адамдарда нарықта бәсекелестерінен құтылу қажеттіліг пайда болады, жеке себептер,өзінің күштілігін көрсету үшін және т.б. Практикада лауазымды адамдардың кемсіту сипаттағы тәсілдерді қолдану оқиғалары жиі кездеседі, ол кәсіпкерлерге қатысты қолданылады, субъектіден пара алу үшін. Мұндай жағдайда лауазымды адам жауапкершілікке заңды кәсіпкерлікке кедергі жасағаны үшін, және құнерездікпен алған пара үшін тартылады (ҚК 311 б.4 б.”а” т.).
Құқық қорғау органдарына on-line режимдегi қылмыстар туралы өтiништер Заңңама базасы OSCE GRECO Transparency Kazakhstan Transparency International OECD Anticorruption - The World Bank United Nations Халықтық IPO Әділет - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі