Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A



Назар, iздестiру



Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Сайт бойынша ескертулер мен тілектерді мекен-жайына жолдаңыздар
Сайттың құрметті қонақтары! Әр аптаның сәрсенбі күндері аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіпкерлермен кездесу өткізеді
Агенттік
Төрағасының
Блогы
Агенттік Төрағасының Блогы
Қаржы Полициясы Академиясы

Сенiм телефоны - 144

Құқықтық акпараттық қызмет - 58 00 58
Дауыс бер!

RSS-жазылу

Соц. сети:

Кеңес туралы

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау, қоғам өмірінің барлық салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларын жетілдіру, мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен және халықпен өзара қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) 2009 жылғы 1 шілдедегі №80 бұйрығымен Агенттіктің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) құрылды.

Қоғамдық кеңес консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын,  Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ, Қоғамдық кеңес туралы Ережені басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері жөніндегі
Қоғамдық кеңестің құрамы


Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары

Әбдікәрімов Оралбай Әбдікәрімұлы - «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (бұдан әрі – «Нұр Отан» ХДП) жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

Рақымбеков Боран Ғизатұлы - «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің Төрағасы

Злотников Сергей Михайлович - «Транспаренси Қазақстан» Қоғамдық қорының атқарушы директоры

Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы - «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық Палатасының атқарушы директоры

Күнбаев Мірболат Тоқмырзаұлы - «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті

Бәшімов Марат Советұлы - Еуропалық құқық пен адам құқығының сараптама институтының директоры, «Человек и закон» газетінің бас редакторы, заң ғылымдарының кандидаты

Қуанғанова Гүлнара Шаймұратқызы - Қазақстан Кәсіпкерлері форумының атқарушы директорының орынбасары

Әйтенова Шолпан Әбдірахманқызы - «Казақстанның Азаматтық Альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры 

Кеңес хатшысы:

Әйткенова Жанар Ғабдолкәрімқызы - Агенттіктің Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаменті талдау бөлімінің бастығы
Құқық қорғау органдарына on-line режимдегi қылмыстар туралы өтiништер Заңңама базасы OSCE GRECO Transparency Kazakhstan Transparency International OECD Anticorruption - The World Bank United Nations Халықтық IPO Әділет - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі Назарбаев орталығы